09 қыр, 2022 сағат 14:24

UFC-дегі жанжал: Дана Уайт файтерлер төбелесіне қатысты пікір білдірді

Фото: @khamzat_chimaev, @trailblaze2top, @natediaz209

UFC президенті Дана Уайт Хамзат Чимаев пен Нейт Диастың баспасөз мәслихаты өтпегеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Не болғанын нақты айтпай-ақ қояйын. Ессіздік болды... Оны қалай атайтынымды да білмеймін. Жұмыс істеген 22 жыл ішінде бүгінгідей оқиға болған емес. Біз оны тоқтаттық, бірақ оның алдын алуға тиісті жұмыстарды жүргізген жоқпыз. Келесі жолы бұған дайын боламыз. Мен оларды бірге сахнаға шығарғым келмеді. Диас жағынан 57 адам, Хамзат жағынан 30 адамнан аса болды. Басқа да бір топ адам болды. Бұл - сұмдық. Мен дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Баспасөз мәслихаты неге айналуы мүмкін екенін түсіну үшін ғалым болудың қажеті жоқ", - деді Дана Уайт журналистерге жағдайды түсіндіріп.