Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейра (32-8-0-1) салмақ өлшеу рәсіміндегі сәтсіздік салдарынан титулын жоғалтқан алғашқы промоушен файтері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Джастин Гэтжимен (23-3) жекпе-жектен бұрын өз салмағынан 200 грамм асып кетті (70,3 келі). Алғашқы салмақ өлшеу рәсімі кезінде Оливейраның салмағы 70,53 келі болды.
Оған салмақты түсіруге 1 сағат берілген, бірақ бұл жағдайды өзгерте алмаған.
Файтерлер қонақүй мен ресми салмақ өлшеу кезіндегі 200 граммның айырмашылығына шағымданды.
Оқиғадан кейін файтер бейсенбіде салмақ түсіргенін айтты, бірақ келесі күні таңертең ол шекті мөлшерден (70,3 килограмм) 200-300 граммға асып кеткен.
"Чемпионның аты - Чарльз Оливейра. Бейсенбіде түнде салмағым қалыпты болды. UFC таразысында тұрғанда, бәрі жақсы болды. Ең қасиетті Құдаймен ант етемін, ештеңе жеген жоқпын, су да ішпедім, тамақ та жемедім. Таңертең ояндым, кенет қосымша 250 грамм пайда болды. Себебі неден екенін білмеймін. Мамандармен жұмыс істедік, ештеңе жемедім. Басқа файтерлер де осы туралы айта бастады. Олар да дәл осы 200-300 грамм туралы айтты. Қайталаймын, чемпионның аты - Чарльз Оливейра. Асып кеткенін білген соң моншаға бардым, жаттығу жасадым. Бейсенбіде салмақ түсіргеніме қарамастан, кәсіби және чемпион болған соң жұмыс істей бердім. Таразыға шалбармен тұрдым, бір салмақты көрсетті, шешіп тастадым, тағы да бірдей салмақты көрсетті. Бұл нені білдіреді? Чемпионның аты - Чарльз Оливейра", - деп келтірді файтердің сөзін UFC Voice телеграм-арнасы.
1493 рет оқылды