14 қаз, 2024 сағат 11:30

УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы Словениядан жеңілді

Фото: kff.kz

13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өз алаңымызда өткізді.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен есе жіберді. Матчтағы жалғыз голды Словения құрамасының ойыншысы Ян Млакар (55-минут) соқты.

Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен матч өткізіп, тең есеппен ойнаған болатын, есеп – 0-0.

2-турда Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы 0:3 есебімен жеңіліс тапқан. Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан 0:4 есебімен ойсырай ұтылды.