Германиялық «Бавария» футбол клубындағы поляк шабуылшысы Роберт Левандовский Еуропалық футбол қауымдастығы (УЕФА) нұсқасы бойынша 2019/20 маусымының ең үздік ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Марапаттау рәсімі Женевада Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде жеребе тарту шеңберінде өткізілді.
«Баварияның» неміс қақпашысы Мануэль Нойер және ағылшындық «Манчестер Ситидің» бельгиялық жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне Левандовскийдің бәсекелестері болды.
Сондай-ақ Левандовский Чемпиондар лигасының ең үздік шабуылшысы атанды.
Айта кетсек, 2019/20 маусымда Левандовский 47 матчта 55 гол салған, соның ішінде 15-і - Чемпиондар лигасының ойындарында.
«Бавариямен» бірге ол Германия турнирінің, сондай-ақ чемпионаты мен кубогының жеңімпазы атанды.
Левандовский барлық турнирлерде ең үздік шабуылшы болған.