20 мау, 2020 сағат 15:20

ҰБТ тапсыратын түлектер қандай тексеруден өтеді?

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барлық санитарлық талап сақталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«ҰБТ барлық санитарлық нормаларға сай өткізіледі. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі», - деп хабарланды министрліктің facebook парақшасында.

Жарияланыммен бірге ҰБТ тапсыратын талапкерге нұсқаулық видеосы да әзірленген. 

Айта кетейік, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады. Аудитория тек 35% дейін толтырылады. Тұтас ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады.