25 маусым күні еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 67 пунктіде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде 9 568 талапкер - тапсырманы қазақ тілінде, 2 372 түлек - орыс тілінде орындаған.
«91 түлек тестілеуге кіргізуде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды қолданып, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылды», - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, аудиторияға кіргізіп жатқанда бір түлектің дене қызуы көтеріліп, тестілеуге жіберілмеді.
Ол ҰБТ-ны сауыққан соң басқа күні тапсыра алады.