26 қаз, 2022 сағат 10:37

"Уақыты келеді". Тоқаевтың мұрағаттағы сұхбатынан үзінді тарады

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұрағаттағы сұхбатынан үзінді пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президент телерадиокешені TikTok-парақшасында жариялаған видеоға қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылғы сұхбатында, оның пікірінше, кім жақсы адам деген сұраққа жауап береді.

"Өзгеге жауыздық, қайғы-қасірет әкелмейтін адам. Отбасының қамын ойлайтын адам.

Елін, халқын ойлайтын адам. Мүмкін, бұл бос сөз көрінетін шығар. Мүмкін, біздің көрермен бұған сенбейтін шығар, өйткені патриотизммен айналысу, біртүрлі, сәнді емес. Бірақ уақыты келеді" - дейді Мемлекет басшысы.