Бүгін Төтенше Жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов елдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты ахуал туралы айтты деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Қазгидрометтің болжамына сәйкес 7-9 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде дауыл болып, екпіні секундына 30 метрден асатын қатты жел соққан. Әрі қарай циклон Қазақстаннан Ресей Федерациясына қарай ауыса бастайды.
Елдің 11 аймағында электр желісінің апаты тіркеліп, 25 ғимараттың шатыры ұшты. Еліміздің 13 өңірінде республикалық автожолдарда облыстық маңызы бар блок-бекеттер қойылып, көліктің барлық түрлерінің қозғалысы шектелді. Ел өңірлерінде Министрліктің республикалық штабы бастаған жедел штабтар жұмыс істейді. Қазір блок-бекеттерде 4 мыңнан астам көлік тоқтап тұр. Уақытша орналастыру пункттерінде 1 107 адам бар.
Жалпы, осы күндер аралығында Қазақстанның 12 өңірінде 7 мыңнан астам көлік қозғалысы тоқтатылды. Ал уақытша орналастыру пункттерінде 5 мыңнан астам азамат, оның ішінде 50-ден астам бала болды. Эвакуацияландар саны 1 426 азамат және 64 көлік шығарылды», -деді Арынов Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте.
