Қазақстан альпинистері Тянь-Шань тауында жоғалған әріптестерін іздеп жатыр. Бірақ, әзірше еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Бүгін таңертеңгі сағат 09-30- ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-171 борты «Оңтүстік Инылчек» базасына жеткен.
«Бір жарым сағат бойы (сағат 10-00-ден 11-30-ға дейін) альпинистер мен жоғалғандардың туыстары мінген борт тепловизор көмегімен 5 200-6 400 метр биіктікте іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Іздеу зардап шеккен альпинистердің болуы мүмкін ауданда жүргізілді. Қазіргі уақытта еш нәтиже жоқ», - деді комитеттен.