Фото: Stan.kz
Атырау облысы полициясы кісі өлтіруге күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаянның Қазақстан шекарасын Өзбекстан арқылы кесіп өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz Politico.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция дерегіне сәйкес, Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде ресми түрде іздестіріліп жатыр. Ал негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық “қызыл деңгейдегі” іздеу тізіміне енгізілген. Бұл мәртебе оған қай мемлекет аумағында болмасын, шекарадан өтуге әрекет жасаған сәтте, әуе немесе теміржол көлігіне мінгенде, не көпшілік орында анықталған жағдайда бірден ұстау міндетін жүктейді.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер Қазақстан аумағынан Өзбекстан арқылы шығып, кейін өзге мемлекеттерде байқалған.
«Біз олардың қазіргі орналасқан жерінен хабардармыз. Қазір халықаралық құқықтық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Жақын арада ұсталады деп күтілуде», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары Ақбаянның денсаулығында белгілі бір мәселелер бар екенін растады. Алайда ол заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектік туралы сот шешімі шығарылмаған.
