Әлемде түрмеде жатқандардың 7 пайызын әйелдер құрайды. Бірақ олардың саны тез өсуде, қамаудағы ер адамдар санының өсуімен салыстырғанда әлдеқайда жылдам артуда. Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Далалық операциялар және техникалық ынтымақтастық бөлімінің директоры Жоржет Ганьон мәлімдеді, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтары.
Оның айтуынша, түрмедегі әйелдер санының көбеюі көбінесе қылмыстың жалпы өсуімен емес, «жекелеген елдер билігінің қате саяси шешімдерімен» байланысты.
Тағы бір маңызды мәселе – түрмелерде адам санының толып кетуі. Кем дегенде 114 елде ондағы адамдардың саны сыйымдылықтың ресми көрсеткіштерінен асып түседі, ал осы елдердің 92-сінде түрмелердің толуы 100-ден 200 пайызға дейінгі көрсеткішті құрайды.
714 000-ға жуық әйел мен қыз темір торға қамалған. 2000 жылдан бастап түрмедегі әйелдер мен қыздар саны 53 пайызға, ал ерлер саны 20 пайызға көбейген.
Коронавирус пандемиясы түрмелердегі жағдайды адам санының толып кету мәселелерін ушықтырды. Вирус жұқтырған қамаудағылар санының шектен тыс көбеюі жазалаудың балама түрлерін қолдану қажеттілігін тудырды. Осыған байланысты көптеген мемлекет шартты түрде қамауға алу және үй қамағына алу тәжірибесін белсенді түрде қолдана бастады.