Адана әкімшілік ғимараты алдында өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатқан сәт. 24 қараша 2016 жыл.
24 қарашада Түркияның Адана қаласындағы әкімшілік ғимаратының алдында көлік жарылып, кем дегенде екі адам қаза тапқан. 16 адам жарақат алған. Ел билігі жарылыс таңертеңгілік уақытта болғанын хабарлады.
Адана губернаторы Махмут Демирташ жергілікті Anadolu ақпарат агенттігіне оқиға теракті болуы мүмкін екенін айтқан. Демирташтың сөзінше, жарылысты әкімшілік ғимараты алдында әйел адам жасаған.
Түркияның Еуроодақ ісі бойынша министрі Омер Челик бұл жарылысты "теракт" деп атап, "Түркия терроризммен күресті жалғастыра беретінін" мәлімдеді.
Түркияда шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң төтенше жағдай жарияланған.
"Азаттық"