Түркияның Адана қаласында әлемге әйгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар граффити пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған «Bastau» деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз «Bastau» - Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!» - деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында.
Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді. Оның айтуынша, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақыты кеткен.