Түркия Сирияның солтүстігінде және Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қарсы әуе операциясын жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі Twitter-де әуе операциясының алғашқы кадрларын жариялады.
"Террористер ұясы тікелей соққылармен жойылады", - делінген жазбада.
Әуе операциясына Pençe-Kılıç (Қылыш тырнақ) деген атау берілген.
"Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі бұл операция БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығына сәйкес жасалғанын айтады", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін күрдтердің "Сирия демократиялық күштерінің" (SDF) өкілі Фархад Шамси Түркия Сирияның солтүстігіндегі Кобани шекаралас қаласына соққы беріп жатқанын айтқан болатын.