23 ақп, 2021 сағат 10:54

Түркия мен Мысырдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

22 ақпанында Қазақстанға 18 халықаралық әуе рейсі келді, – деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

2021 жылғы 22 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

1 727 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 499 адам, анықтамасыз 228 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 040 жолаушы, анықтамамен - 844, анықтамасыз - 196; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 494 жолаушы, анықтамамен - 463; анықтамасыз - 31; Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 184 жолаушы, анықтамамен - 183; анықтамасыз - 1; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 21 ақпанында шетелден анықтамасыз келген.