Фото: Tengrinews.kz
Түркия әлемнің жеті еліндегі, соның ішінде Қазақстан, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы елшілерін ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Президент Режеп Тайип Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні бейсенбіде үкіметтің ресми басылымы - Resmi Gazete-де жарияланды.
Шешімге сәйкес, Астанадағы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.
Оның орнына Мустафа Капуджу тағайындалды. Ол бұған дейін құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры лауазымын атқарған.