04 қар, 2022 сағат 16:17

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдамайды

Фото: nato.int

Түркия Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа (НАТО) кіруін қолдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Швеция мен Финляндияның НАТО-ға тезірек қабылдануы керектігін және Түркияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру талаптарын орындап қойғанын айтты.

"Финляндия мен Швецияны НАТО-ның толыққанды мүшелері ретінде қарсы алатын уақыт келді, бұл ұйымның өзін нығайтады және оған кіретін барлық елдердің қауіпсіздігін арттырады", - деді Столтенберг.

НАТО бас хатшысы 4 қараша, жұма Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен екі елдің альянсқа қосылу мәселесін талқылайтынын айтты.

Мевлют Чавушоглу Йенс Столтенбергке Түркия мен Швеция арасындағы қарым-қатынаста ілгерілеушілік байқалғанымен, екі ел арасында шешілмеген мәселе көп екенін, олардың НАТО-ға қосылуын қолдай алмайтынын айтты. Оның айтуынша, Финляндия мен Швеция Анкара қойған барлық талаптарды әлі орындамаған.