17 ақп, 2022 сағат 19:41

Түркістандық полицейлер екі тұрғынның үйінен заңсыз сақталған оқ-дәрілер мен қару тапты


Түркістан облысының ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Шара барысында Созақ ауданында екі тұрғынның үйінен заңсыз сақталған оқ-дәрілер мен қаруларды тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындардың бірінің үйінен тіркелмеген «АК-47» маркалы автомат пен 8 дана оқ-дәрі табылған. Екі дана тир және 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығы сақтағаны анықталды. Сондай-ақ, электро ток таратқыш құрылғы мен 2 дана 16 калибрлі атылған оқ гилзасы тәркіленді. Ал, екінші күдікті үйінде оқ дәрілер жасырып қойған болып шықты. 

«Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру« бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің қандай мақсатта қару ұстағанын анықтауда» делінген хабарламада.