21 ақп, 2022 сағат 12:05

Түркістанда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі екіншісін таспен ұрып өлтірді


Түркістанда тас атып төбелескен жүргізушілердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Түркістан қаласынан Кентауға шығар жолда орын алған. Екеуара болған ерегістің соңы адам өліміне алып келді. Жүргізушілердің бірі екіншісін таспен ұрған. Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды. 

Көлікте күдіктімен бірге болған әкесі жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтап, полицияға хабар беріпті.

«Күдікті жас жігіт, Түркістан қаласының тұрғыны, бұрын Алматы облысында тонау әрекеті үшін шартты түрде жазасын өтеген. Оны полиция қызметкерлері қылмыс орнында ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында анықтайтын болады» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.