Түркістан облысында полиция заңсыз тасымалданған 34 миллион теңгенің контрабандалық дәрісін тәркіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полиция Сарыағаш ауданында жолдың бойында жүк көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде тиісті құжаты жоқ 254 қорапша дәрі-дәрмек табылып, тәркіленді. Жүргізушінің айтуынша, ол Шымкент тұрғынымен келісіп, Сарыағаш ауданынан Түркістанға белгіленген ақыға жүк жеткізбек болған. Дәрі-дәрмектің ішінде: бисокодил, бисептол, кетонал, глицин, вольтарен, попадол және басқалары болды. Жүк Өзбекстан азаматына тиесілі екендігі және Ресейден көрші республикаға контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталды. Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Контрабандалық жүктің жалпы құны шамамен 34 миллион теңге»- деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.
Қазіргі уақытта аталған факті Сарыағаш аудандық ПБ-да тіркелді.