29 қаң, 2021 сағат 15:33

Түркістанда 300 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды

Түркістан облысында 300 адамның қатысуымен өтіп жатқан үйлену тойы тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы «Кәусар хол» тойханасы шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиындар өткізген. Солайша, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын өрескел бұзған. 

Сондай шаралардың бірі 28 қаңтар күні өткен. Мобильді мониторингілік топтар жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтаған. 

«»Байгазиева« ЖК-ға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 230 АЕК көлемінде айппұл салынды. 

Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша экономикалық сотқа талап арыз дайындауда», - делінген ақпаратта.