Түркістан облысында 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгінде коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында облыс полицейлері үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.
Адам көп шоғырланатын ойын-сауық орындары, базарлар мен сауда орындары, кафе-бар, тойханаларда тұрақты рейдті-кпрофилактикалық шаралар атқарылуда.
Мәселен 2021 жылдың шілде айында Келес ауданында карантин режимін бұзуға қатысты 32 жайт анықталған. Оның ішінде 7-еуі - той-жиын.
Анықталған жайттардың барлығы заңды шешім қабылдау үшін Келес ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Яғни, Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан тойханалардың бірінде сағат күндізгі 14:00 шамасында карантин режимін өрескел бұзып, үйлену тойы жасалып жатқаны анықталып, мобильдік топпен барған полицейлердің бейнежетонына түскен.
Тойға 200-ге тарта адам жиналғаны белгілі болды.
Тәртіп сақшылары тойға жиналған қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойды тарқатты.
Аталған тойхана иесі мен той жасаушы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.