Бұл фактіні ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған органның баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының екі тұрғыны 2017-2019 жылдары аралығында «Фаворит Инвест Строй», «Азия-Tech» және «Таңшолпан-Нұр» ЖШС-ін үшінші тұлғаларға тіркеу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырған. Сондай-аө олар ұйымға басшылық ете отырып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызмет түрлерін көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактура жазып беру ісіне жүзеге асырған.
Айыпталушылар контрагент сатып алушылардан белгілі бір мөлшерде сыйақы алу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған. Заңсыз іс-әрекет нәтижесінде мемлекет бюджетіне 7 млрд теңгеден астам қаржы көлемінде залал келтірілді.
«Азаматтардың қылмысы ҚР ҚК 28-бабының 2, 3 және 5-б., 216-бабының 3-б., 245-бабы 3-б. сәйкес сараланып, Жетісай аудандық сотының үкімімен азаматтардың бірі 5 жарым жылға, ал екіншісі 3 жылға сотталды»,-делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.