19 қар, 2025 сағат 11:09

Түркістан облысында полиция қарулы ер адамды атып өлтірді

Түркістан облысында полиция қарулы ер адамды атып өлтірді, ол бірінші болып оларға оқ атқан. Бұл туралы Jagdai телеграм арнасына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

Полицияға әйел адам қоңырау шалып, бұрынғы күйеуі балалар тұрған үйге қарумен келгенін хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды қорадан тапқан.

Ол полицияға берілуден бас тартып, сақшыларға оқ жаудырған, салдарынан бір қызметкердің санына оқ тиген. Ескерту мақсатында аспанға оқ атылғаннан кейін полиция қарымта оқ атуға мәжбүр болған. Нәтижесінде шабуыл жасаған ер адам көз жұмды.