13 мау, 2021 сағат 00:05

Түркістан облысында өлі табылған турист кім екені анықталды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында табылған 6-ыншы турист туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екендігі анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныды», - деді ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.


Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 12 маусымда Түркістан облысының тауларында жоғалған 6-ыншы туристің денесі табылғанын мәлім еткен болатын.

21 мамыр күні Түркістан облысының «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кетті. 24 мамырда олар кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда туристердің жоғалғаны туралы «112» пультіне хабар берілген.

28 мамырда 7 адамның 3-еуі табылып, құтқарылды. Ал 29 мамыр күні екі туристің денесі табылды.

Бүгін ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім еткен болатын.