10 жел, 2025 сағат 12:01

Түркістан облысында қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды


Фото: Түркістан облысы ПД
Түркістан облысы Кентау қаласында қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде.

Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.