18 жел, 2020 сағат 10:46

Түркі музыкалық ансамблі ҚР Тәуелсіздік күніне орай қазақ туындыларын орындады

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі бауырлас ел - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қазақ туындыларын орындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайлы видеоны Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі өз парақшасында жариялады.

Атап айтқанда, музыканттар сөзін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, әнін - Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жазған «Елім менің» шығармасын орындады.