Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) мемлекет басшыларының XI саммитінде жаңа ту қабылданды, деп хабарлайды Ult.kz.
Тудың дизайнына сегіз қырлы жұлдыз, жарты ай, жұлдыз және біркелкі таралған күн сәулелерімен бірге көгілдір фон енген. Бұл ту ұйымның ресми символы ретінде бекітілді.
Көгілдір түс түркі мәдениетімен дәстүрлі түрде байланысты, ашық аспан, бейбітшілік және гүлденуді білдіреді, сондай-ақ түркі халықтарының тарихи және мәдени бірлігін көрсетеді.
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанды қамтитын халықаралық ұйым. Венгрия мен Түрікменстан бақылаушы мәртебесіне ие. Ұйымның мақсаты - түркі тілдес елдер арасындағы саясат, экономика, ғылым, білім, көлік және туризм салаларында ынтымақтастықты нығайту.
Айта кетейік, Тоқаев Түркі мемлекеттері кабельдік телеарналардың өзара хабар таратуын ұйымдастыруы қажет екенін айтқан болатын.