ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.