25 ақп, 2022 сағат 15:05

Тұрғын үй мен құрылыс материалдарын қымбаттатпау үшін қандай шаралар жасалды


ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин тұрғын үй мен құрылыс материалдары бағасын қымбаттатпау үшін қандай шаралар жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін тұрғын үй және құрылыс материалдары нарықтарындағы бағаларды тежеу жөніндегі шаралар іске асырылды.

«2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өсті. Негізгі өсім қаңтар айында 3% көлемінде байқалды. Бағаның төмендеуі туралы 15 хабарлама жолданды. Оның 14-і орындалды және 1 тергеп-тексеру тағайындалды. Ірі компаниялар – Базис, Би Ай Групп, Рамс және өңірлік құрылыс салушылар бағаны 7-ден 20 пайызға дейін төмендетті. Нәтижесінде ай сайынғы бағаның өсу қарқыны қараша айында 0,6%-ға дейін төмендеді», - деді С. Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алқасының отырысында.

Құрылыс материалдары нарығында баға 26%-ға артқан. Сондықтан мұнда да монополияға қарсы шаралар кешені жүргізіліп, 84 хабарлама жолданған. Оның 50-і орындалды. 20 тергеп-тексеру тағайындалды, оның жетеуі аяқталды. Нәтижесінде баға 5-25% аралығында арзандаған.