Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді әлі де тергеп жатыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімін бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған.
"Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ, азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін бірқатар басшылар мен қызметкерлер сотталған.
Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған.