Тұңғыш Президент қоры балаларға арнайы қауіпсіздік жолақшалары бар оқушылар сөмкесін сыйлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 тамыздан бастап еліміздің барлық аймақтарында жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпыұлттық акциясы өткізілуде. Оның мақсаты – оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету.
Бұл акцияға қатысу ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры үшін дәстүрге айналды.
10 жыл ішінде қордың атынан Қазақстанның барлық аймақтарынан 9 мың балаға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл жылы 500 балаға мектепке дайындалу үшін жағдай жасалды. Оның үстіне сөмкелер спорттық киіммен толықтырылды.
Бүгінде акция Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Петропавл қалаларын және Қазақстанның бірқатар шағын қалаларын қамтыды. Мектеп сөмкелері тек қалалар ғана емес, сонымен қатар еліміздің осы аймақтарының шалғайдағы ауылдарына да жеткізілді.
Биыл «Мектепке жол» кең ауқымды акциясы Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ұйымдастырылған «Ұлы дала мәдениетіндегі құстардың символикасы» атты республикалық шығармашылық фестивалі барысында ұйымдастырылды. Фестивальға Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасын қосқанда 150 бала қатысты.
Мектеп сөмкелері жарық шағылыстыратын элементтермен жабдықталған. Бұл баланың қауіпсіздігне аса қажет. Сондай-ақ әр сөмкенің ішіне төтенше жағдай кезінде қажет қауіпсіздік жаднамасы, қалта шамы, дабыл құралы (ысқырық) салынған.