19 нау, 2020 сағат 13:26

Тұңғыш Президент кезекті рет жауапты саясаткердің үлгісін көрсетті – Ерлан Қарин

Тұңғыш Президент барша әлемге жауапты саясаткердің үлгісін көрсетті. ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатқанына бір жыл болды. Елбасы президенттік лауазымнан өзінің саяси ықпалының шыңында тұрған кезінде кетті. Ол президенттік мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өкілеттігін жүзеге асыруға қауқарлы болды. Бұл жайында халықтың кеңінен қолдауына ие болғанын көрсеткен барлық президенттік сайлаулар нәтижелері айқын байқатты», - деп жазды Е. Қарин Telegram-да.

Осы орайда ол Назарбаев қазақстандықтар үшін ұлтты біріктіретін барлық құндылықтардың бейнесі ретінде болғанын атап өтті. 

Е. Қариннің пайымынша, Тұңғыш Президент кезекті рет жауапты саясаткердің үлгісін көрсетті. Бір жыл бұрын президенттік мандатты өз еркімен тоқтату туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі көпшілік үшін күтпеген жағдай болды, бірақ та осы шешім қаншалықты көрегендік екенін барлығы түсініп отыр. Елбасы елді трансформацияға дайындап, биліктің оңтайлы транзитін қамтамасыз етті. Нәтижесінде, 2019 жылдың 9 маусымында қазақстандықтар оның қойған бағытын жалғастыру үшін дауыс берді. Осы орайда Қазақстанның саяси тарихының жаңа күнтізбесі басталды. Жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дамудың бұрынғы бағытын жалғастырып, жаңа мақсаттарды шешуі қажет болды. 

«Осы күндері барша әлем пандемиямен күресіп жатқанда, түрлі елдерде ТЖ режімі енгізіліп, шекаралар жабылып жатқан кезеңде, қазақстандық билік шұғыл әрекет ету қабілетін көрсетуде, сондай-ақ озық жүріп әрекет етуде. Мемлекеттік машина үйлесімді жұмыс істеуде. Дәл осындай сәтте мемлекеттің қалыптасқанын әрі шынымен де күрделі міндеттерді шешуге қауқарлы екені түсінікті болып отыр», - деді Ерлан Қарин.