13 мау, 2019 сағат 17:12

Тұңғыш Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы тағайындалды

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", делінген Ақорданың хабарламасында.

Генерал-майор Ардақ Әшімбекұлы бұған дейін мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарды.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әнуар Садықұловты Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындаған болатын.