Алматыда онлайн сұхбат барысында Қазақстан профилактикалық медицина Академиясының Президенті Алмаз Шарман тұмаудан вакцина алудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазір Еуропаның кейбір елдерінде вирустың екінші толқыны басталып жатыр. Бұл күз-қыс маусымының жақындауымен байланысты.
Оңтүстік жер шарының мемлекеттері Аргентина, Чили, ОАР елдерінде көктем басталып келеді. Практика көрсеткендей, қатаң локдаун, карантин шараларын ұстанған елдерде тұмау мен КВИ көрсеткіші төмен болған. Ал сақтанбаған елдерде КВИ да, тұмау да өте жоғары болған. Қосарланған эпидемияның көрінісі болған. Сондықтан барлығын вакцина алуға шақырамын. Қала әкімдігінің вакцина алып жатқаны қуантады. Себебі, біз екі инфекциядан сақтанамыз. Сонымен қатар, бұл медициналық қызметкерлерге аурудың сипмтомын ажыратуға мүмкіндік береді», - деді Алмаз Шарман.
Оның айтуныша, көптеген елдерде вакцина тиімділігін көрсеткен.
«Мәселен, Бразилияда тұмаудан вакцина коронавирустың ауырлығын 20 пайызға төмендеткен. Ал белгілі болғандай, КВИ салдары тұмаудан гөрі 10 есе ауыр», - деді маман.