08 там, 2016 сағат 00:14

Түбі бір түркінің, Мәңгі елдің қызы бұл...

Кеше ғана Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасының алғашқы медалін палуан қыз Отгонцэцэг Галбадрах иеленген болатын. Дзюдошы қызымыздың жеңісінен шабыт алған қаламгерлер қауымы өлең арнап жатыр. 

Назарларыңызға Ерболат Баятұлы мен Бақытбек Бәмішұлы жыр шашуын ұсынамыз.


Отгонцэцэг!

Күш емес қара дүрсін жаныңды жер...

Саф Ақыл!

Сал ұранды,

Жанып жібер!

Атойлап,

Арындатқан

жас қайратты,

Жанар – от,

Намысты Ар,

Жалын – жігер!

Ол білем,

атақ емес,

Арды ойлап,

Төрінде Рионың салды ойнақ!

Адалдық:

Антқа,

Сертке,

Америка

Көгінде желбіретті Жанды Байрақ!

Бақытбек Бәмішұлы

Отгонцэцэг- Кенжегүлге!

(экспромт)

 

Рио!

Олимпиада -

айқастар алаң.

Бұзылмас,

Жығылмас

Намыстың

қамалы.

Түбі бір

түркінің

МәңгіЕлдің

Қызы- бұл,

Жасындай

жарқ етті

Жастықтың,

Жігердің

жанары!

 

Несіне

тегінен

Білместер

үркеді.

Алтай мен

Қанғайда

Өскен бұл

Жұрт еді.

Асауды

үйретіп,

Арғымақ

баптаған,

Ал діні-

бөлектеу

Түбі бір

Түркі еді!

 

Ұмайдан

Ұл болып,

Қыз болып

жаралдың.

Алтайдан

Ат мініп

Ғаламға

таралдың.

Бойында

Көк бөрі

намыс бар,

Қаны бар-

МәңгіЕлдің

Тұтқасы-

Теміршың

Қағанның!

 

Түбім бір-

Көк Тәңір

өзіңсің

айбарым.

Сойқанды

салған бұл

Сойларым.

Көшпелі

мұңғұлдың

Қаршадай

бір қызы,

Көтертсе

несі айып

Қазақтың

Байрағын!

07.08.16

Ерболат Баятұлы

Ұлт порталы