29 жел, 2016 сағат 09:26

Ту-154 ұшағы апатының қалай болғаны видеомен көрсетілді

Ту-154 ұшағы апатының қалай болғаны видеомен көрсетілді, - деп хабарлайды L!FE.

Биікке көтерілген сәтте лайнердің бір жағы төменге қарай тарта бастаған, ал борттың өзі солға қисайып, теңізге құлаған. Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының бортында орналасқан дыбыс жазу құрылғылары арқылы апаттың қалай болғанын толықтай суреттеуге мүмкіндік туған. Графикалық макетте ұшақтың биікке көтерілгені, кейін апатқа ұшырағаны көрінеді. 

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

kaz.tengrinews.kz