11 қар, 2016 сағат 09:34

Цукерберг: Трамптың президент болғанына Facebook желісінің еш қатысы жоқ

- «Фейсбук» әлеуметтік желісінің  негізін қалаушы Марк Цукерберг әлеуметтік желідегі жалған жаңалықтар ағыны Дональд Трамптың АҚШ президенттігіне сайлауда жеңіске жетуіне ықпал етті деген сын айтып, жазғырғандарға жауап берді.   

«Фейсбуктегі жалған ақпараттар сайлау қорытындысына ықпал етті деп ойлаудың өзі ақылға қонымсыз», - деді Цукерберг Калифорния конференциясында сөз сөйлеу барысында.  

«Егер осыған сенетін болсаңыздар, онда Трамптың жақтастары сайлау науқаны барысында нені жеткізуге тырысқанын дұрыс ұғына алмағандарыңыз деп ойлаймын», - деп қосты бизнесмен.

АҚШ-та либералдық ортада әлеуметтік желі Дональд Трампқа сайлаушылардың басым бөлігіне  өз идеяларын жеткізуге ықпал етті деген теория тарап кетті. Әлеуметтік желі болмағанда, ол мұндай мүмкіндікке ие болмас еді, дейді сыншылар.

Фейсбук желісіне 156 млн америкалық жазылған. Таяудағы зерттеу нәтижесіне сенсек, олардың үштен екісі барлық жаңалықты осы сайттан біледі екен, деп жазады Би-би-си.