15 шіл, 2020 сағат 19:28

Травмотология ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Бәтпенов қайтыс болды

Травмотология ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Бәтпенов қайтыс болды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" медициналық мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«15 шілде күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҰҒА академигі, травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның травмотологтар мен ортопедтер қауымдастығының президенті, профессор Нұрлан Жұмағұлұлы Бәтпенов 71 жасында қайтыс болды», - делінген парақшада.