18 ақп, 2025 сағат 16:35

"Транснефть": Каспий құбыр консорциумының мұнай айдау станциясы дрон шабуылынан қатты зақымданды

Фото: Транснефть

Компанияның мәліметінше, шабуыл салдарын жоюға 1,5-2 ай қажет, бұл Қазақстаннан мұнай тасымалдау көлемін шамамен 30%-ға азайтуы мүмкін, деп хабарлайды Ult.kz.

Ресейдегі Каспий құбыр консорциумының ең ірі мұнай айдау станциясы – "Кропоткинская" (Краснодар өлкесі, Кавказ ауданы) дрон шабуылына ұшырады, деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетейік, шабуыл жеті ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА) арқылы жасалған, оларда жарылғыш заттармен қатар металл сынықтары болған.

Қазіргі уақытта "Кропоткинская" мұнай айдау станциясы жұмыстан шығарылды. Тенгиз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай тасымалдау НПС-ты айналып өтіп, төмендетілген режимде жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Қазақстанның Энергетика министрлігі өз кезегінде "КҚК тарапынан қазақстандық мұнайға шектеулер жоқ, қабылдау қалыпты режимде жүріп жатыр" деп мәлімдеді.