Фото: Fox News/Fulton County Sheriff's Office
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қамауға алу кезінде суретке түскен АҚШ тарихындағы бірінші мемлекет басшысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Fox News-ке сілтеме жасап.
Трамп 24 тамызда кешке полицияға берілген. Оның өзі Джорджия штатының Атланта қаласындағы Фултон округінің түрмесіне барған. Тарихи сурет Фултон округінің шериф кеңсесінде түсірілген, бұл - АҚШ президентінің түрмедегі алғашқы фотосы.
Трамп журналистерге Джорджия шенеуніктері суретке түсіруді талап еткенін айтты.
"Ыңғайсыз сезім, әсіресе жаман ештеңе істемеген болсаңыз", - деп қосты экс-президент.
Ол 2020 жылы Джорджиядағы сайлау нәтижелеріне араласты деген күдікпен түрмеде отырғанын атап өтті.
"Мұның бәрі Вашингтон, Әділет министрлігі және алаяқ Джо Байден (АҚШ президенті - еск.) арқылы болып жатыр. Біздің елде бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес", - деді Дональд Трамп.