Ағымдағы аптада АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі ұлықтау рәсімі өткен 20 қаңтардан бері ең төменгі межеге дейін түсті.
Бұл туралы Reuters/Ipsos әлеуметтік сауалнамасының мәліметтерінде айтылуда.
РИА агенттігінің жазуынша, Трамп қызметіне кіріскен уақытта оны сауалнамаға қатысқандардың 46 пайызы қолдаса (қолдамағаны 44 пайыз), жұма күні жарияланған зерттеу нәтижесі бойынша, президенттің қызметіне респонденттердің 38 пайызының ғана көңілі толып отыр. Қарсы пікір білдіргендер - 56,2 пайыз (5,8 пайызы жауап беру кезінде екі ойлы болды).
Зерттеу авторларының атап өтуінше, Трамптың рейтингінің құлдырауы оның өз партияластары арасындағы беделінің төмендеуінен болып отыр. Егер өткен аптада оның қызметін республикашылардың 16 пайызы қолдамаса, қазір - 23 пайызы.