10 сәу, 2023 сағат 13:56

Трамп жаһандық қақтығыс туралы жазба жариялады

Фото: Unsplash

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жаһандық қақтығыс туралы жазба жариялады.

Қысқа хабарлама 9 сәуірде пайда болды.

"Үшінші дүниежүзілік соғыс", - деп жазды Трамп. Ол өз ойына қатысты өзге ешқандай түсініктеме бермеді.

АҚШ-тың бұрынғы басшысы үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатынын бірнеше рет болжаған. Осылайша, 6 сәуірде Трамп Мар-а-Лаго резиденциясынан үндеу айтып, оның елі "тозаққа" бара жатқанын айтты. Ол Джо Байден әкімшілігінің басшылығымен үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген еді.