АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның ядролық дағдарысының "шешімін табуға әлі ерте" екенін мәлімдеп, Пхеньяннің ядролық және зымыран сынағын уақытша тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты оптимистік көңіл-күйді басты.
"Біз Солтүстік Корея мәселесін шешуден әлі алыс тұрмыз. Мүмкін, барлығы реттеліп кетер, бәлкім реттелмес: тек уақыт төреші. Бірақ менің қазір жасап жатқанымды баяғыда-ақ жасау керек еді" деп жазды Трамп Twitter-де.
Жексенбіде Оңтүстік Кореяда соңғы он жылдағы Солтүстік Корея мен АҚШ басшыларының алғашқы кездесуіне дайындық қызу жүргізіліп жатқаны хабарланған. Кездесудің қашан және қайда өтетіні туралы әзірге ресми мәлімет жоқ.