14 нау, 2019 сағат 08:38

Трамп Boeing 737 Max ұшағын пайдалануға тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп Эфиопия мен Индонезиядағы ұшақ апатынан соң Boeing 737 Max 8 және Max 9 ұшақтарымен қатынауға тыйым салды.

Осыдан кейін Boeing акцияларының бағасы 2%-ға төмендеген.

Авиакомпания президенттің шешімін қолдап, Финляндия авиациялық әкімшілігіне осы желідегі барлық ұшақтардың ұшуын уақытша тоқтата тұрғаны жөн екенін айтты.

«Компания Boeing 737 Max қауіпсіздігіне толықтай сенімді. Бірақ америкалық Федералдық авиациялық әкімшіліктің (FAA) консультациясынан кейін Федеральды орган бүкіл әлемдегі ұзын саны 371 Boeing 737 Max ұшағының  бүкіл флотының ұшуын уақытша тоқтата тұруды ұсынды»,  деп хабарлады Боинг.

АҚШ-та Boeing 737 Max әуе кемелерін United Airlines, American Airlines және Southwest Airlines компаниясы пайдаланады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда Эфиопия авиакомпаниясы Аддис-Абебадан Найробиге ұшып бара жатқан  Boeing 737 Max 8 ұшағы Эфиопия астанасынан 60 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Ұшақ апатында 35 елден 157 адам қаза тапты.

Ал 2017 жылы қазан айының аяғында Индонезиялық Lion Air компаниясының Boeing 737 Max 8 Джакарта әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай Java теңізіне құлаған болатын. Бортта болған 189 адам қайтыс болған.

Эфиопиядағы апаттан кейін көптеген ел бірден Boeing 737 Max 8 рейстерін тоқтатты. Атап айтқанда, Еуропа авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Еуропадан ұшуға тыйым салды.

АҚШ апаттан соң Boeing 737 Max 8 ұшағын пайдалануды жалғастырған соңғы елдердің бірі болатын.

Сондай-ақ Канада үкіметі сәрсенбі күні Boeing 737 Max 8 ұшақтарын тоқтатуға шешім қабылдады. Канаданың үш әуе компаниясы, әлем бойынша 19 мемлекеттің авиакомпаниялары Boeing 737 Max ұшағын пайдаланады.

Дональд Трамп пен Азаматтық авиация органының шешімінен кейін American Airlines жалпы саны 24 Boeing 737 Max ұшағының рейстерін тоқтатты.

Қазір АҚШ пен Канададан басқа, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ, Қытай, Австралия, Үндістан және көптеген басқа елдерде Boeing 737 Max ұшағын пайдалануға тыйым салынған.

АҚШ-тың ұшқыштары «Boeing 737 Max» ұшағын басқару кейде қиындық туғызатынын бірнеше рет мәлімдегені анықталды.

Қарашада америкалық екі ұшқыш билікке Boeing 737 Max автопилотының проблемалары туралы хабарлаған.

Инспекторлар апат орнынан «қара жәшікті» тапқан. Қазір апат себептерін анықтауға тырысуда.

Индонезиядағы Lion Air апатынан кейін, Boeing әуе кемесінің сенсорлары кеменің ұшу бұрышы туралы бұрыс деректер жазса, ұшқыштарға не істеу керектігі жөнінде нұсқаулар таратқан.

Америкалық ұшқыштың айтуынша, осыдан соң компания датчиктердің дұрыс жұмыс істеуіне аса мән бермеген.

Салтанат ШЫНӘДІЛ