АҚШ Президенті Дональд Трамп елдің Ғарыш әскерін құратын заңға қол қойды. Бұл – АҚШ-та 1947 жылдан бері алғаш рет құрылған әскери бөлімше. АҚШ-та 1947 жылы әуе күштері құрылған.
АҚШ-тың Ғарыш әскерінің генералы болып Джон Реймонд тағайындалды. Елдің әуе күштерінен Ғарыш әскерінің қатарына 15 мыңдай адам ауысады. Биыл тамызда Трамп Ақ үйдегі салтанатты жиында кейбір елдердің Жер орбитасында әскери қимылдарды көбейткенін айтқан.
“Ғарыштағы жұмыстар АҚШ-қа қарай бағытталған кез келген ракетаны анықтауға және жоюға мүмкіндік береді” деген еді Трамп.
Алдын ала ақпарат бойынша, Американың Ғарыш әскеріне алты база бөлінеді. Оның төртеуі Колорадода, қалған екеуі Алабама мен Калифорнияда орналасады.