06 мам, 2020 сағат 13:50

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік алуға сәуірде 5,3 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға азық-түлік алу үшін сәуір айында 5,3 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне жасап.

Ағымдағы жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша 960 мың қазақстандық жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды. 

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, төтенше жағдай кезінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықты алушылардың тізімі кеңейтілді.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін келесі санаттағы азаматтар алады:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

- медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;

- жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Аталған көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар тарапы жасайды.

Наурызда 266 мың адам жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгенің төлеміне ие болды.