Мәскеуде қайтыс болған қазақстанық студент Томирис Байсафаның анасы Муртузали Меджидовты адам өлтірді деп тағылған айыптан ақтау үкіміне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Бүгін үкім шықты. Сот аяқталды. Мен істі апелляцияға беремін. Әрі қарай күресемін", - деді Жанна Ахметова тілшіге берген сұхбатында.
Бір күн бұрын айыпталушыны алқабилер қыздың өліміне кінәсі дәлелденбеді деп ақтап шығарған болатын. Кейін Мәскеу соты Муртузали Меджидовты Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтағаны белгілі болды.
