03 шіл, 2021 сағат 09:33

Токиодағы Олимпиаданың ең жас қатысушысы - 12 жаста


Токио қаласындағы Олимпиада ойындарына Британия елі құрамасының ең жас спортшысы, 12 жасар қыз да қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық 12 жасар Скай Браун Токиода өтетін алдағы Олимпиада ойындарында скейтбординг командасының құрамына кабылданды. Ол жазғы олимпиада ойындарына Ұлыбританиядан шыққан ең жас қатысушы болып отыр.