Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанатын спортшыларды қандай сыйақы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде Мәдениет және спорт министрі Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін ынталандыру ережесі қалай іске асатынын еске салды.
«Бұл жолғы Олимпиада жеңіске еткен спортшыларға, олардың ұстаздарына, бапкерлеріне арналған әрбір спорт түрі бойынша сыйақы беру туралы ережелер қабылданған болатын. Өздеріңіз білесіздер, осы құжат бойынша бірінші орын алған спортшы мен бапкер үшін 250 мың доллардан беріледі. Соның ішінде бапкерлердің төлемақысынан 10 пайызы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы осы 150 мың доллардан, осы спорт түрінен бас бапкерге төленеді», - деді министр.
Ведомство басшысы бұл жерде Олимпиада медалі нақты адал жолмен алынғаны маңызды екенін атады. «Екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орын 75 мың доллар болып азая береді. Әрине, өзіңіз айтқандай, ең алдымен спорт жетістігінің нақты екені дәлелденген кезде бұл сыйақы теленеді. Заңды түрде осылай негізделген», - деді министр.